https://sputnik.kz/20250912/oltirip-denesin-tonazytqyshta-saqtagan-aqtobede-dariger-sottalyp-zhatyr-56998265.html
"Өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған": Ақтөбеде дәрігер сотталып жатыр
"Өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған": Ақтөбеде дәрігер сотталып жатыр
Sputnik Қазақстан
Дәрігерді өлтірді деген күдікке 31 жастағы әріптесі ілінген 12.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-12T09:22+0500
2025-09-12T09:22+0500
2025-09-12T09:22+0500
ақтөбе
дәрігер
сот отырысы
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде белгілі дәрігер Абай Айсағалиевтің өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.69 жастағы дәрігер Абай Айсағалиев әріптесінің қолынан қайтыс болды. Күдікті марқұмды өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған. Марқұмның денесінде пышақ және соққының іздері болған.Жантүршігерлік оқиға биыл 24 мамырда болған. Дәрігерді өлтірді деген күдікке 31 жастағы әріптесі ілінген.Сот материалына сәйкес күдікті мәйіттің қолын байлап, басына пакет кигізіп, тоңазытқышқа жасырған. Сосын марқұмның банктегі есепшотынан 5,2 миллион теңге шешіп алып, жалпы 7,2 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Ол банкоматтарға арнайы силиконды маска киіп барған.Айыпталушы марқұммен бес жыл бірге жұмыс істеген. Оның жалғыз тұратынын, банкте қомақты қаржысы барын білген. Осы ақпаратты пайдаланып, алдын ала қылмысын жоспарлаған. Қазір күдікті Қылмыстық Кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру", 188-бабы "Ұрлық" бойынша айыпталып жатыр.Қылмыстық іске қатысты алдын-ала тыңдау басталды. 25 қыркүйекте басты сот талқылауы басталады. Айыпталушы істі алқабилердің қатысуымен қарауды сұрады.
https://sputnik.kz/20230116/dariger-yuriy-shumkovty-oltirgen-patsientine-qatysty-sot-ukimi-shyqty-31164877.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, дәрігер, сот отырысы
ақтөбе, дәрігер, сот отырысы
"Өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған": Ақтөбеде дәрігер сотталып жатыр
Дәрігерді өлтірді деген күдікке 31 жастағы әріптесі ілінген
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде белгілі дәрігер Абай Айсағалиевтің өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 69 жастағы дәрігер Абай Айсағалиев әріптесінің қолынан қайтыс болды. Күдікті марқұмды өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған. Марқұмның денесінде пышақ және соққының іздері болған.
Жантүршігерлік оқиға биыл 24 мамырда болған. Дәрігерді өлтірді деген күдікке 31 жастағы әріптесі ілінген.
Сот материалына сәйкес күдікті мәйіттің қолын байлап, басына пакет кигізіп, тоңазытқышқа жасырған. Сосын марқұмның банктегі есепшотынан 5,2 миллион теңге шешіп алып, жалпы 7,2 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Ол банкоматтарға арнайы силиконды маска киіп барған.
Айыпталушы марқұммен бес жыл бірге жұмыс істеген. Оның жалғыз тұратынын, банкте қомақты қаржысы барын білген. Осы ақпаратты пайдаланып, алдын ала қылмысын жоспарлаған. Қазір күдікті Қылмыстық Кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру", 188-бабы "Ұрлық" бойынша айыпталып жатыр.
Қылмыстық іске қатысты алдын-ала тыңдау басталды. 25 қыркүйекте басты сот талқылауы басталады. Айыпталушы істі алқабилердің қатысуымен қарауды сұрады.