https://sputnik.kz/20230116/dariger-yuriy-shumkovty-oltirgen-patsientine-qatysty-sot-ukimi-shyqty-31164877.html
Дәрігер Юрий Шумковты өлтірген пациентіне қатысты сот үкімі шықты
Дәрігер Юрий Шумковты өлтірген пациентіне қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 қаңтар - Sputnik. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірген қылмыскерге... 16.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-16T18:52+0500
2023-01-16T18:52+0500
2023-01-16T18:52+0500
өлім
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25087041_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_3b1af4f3e8f8b4b520385eda811c404d.jpg
АЛМАТЫ, 16 қаңтар - Sputnik. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірген қылмыскерге үкім шығарды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. Нұржан Тұрсынбаев қару ұрлағаны және заңсыз сақтағаны үшін, кісі өлтіргені, билік өкіліне қарсы күш қолданғаны үшін сотталды. Ол гастроэнтеролог Шумаковтан медициналық көмек сұраған. Дұрыстап емдемеді деп шешкен пациент гастроэнтерологты өлтірген. Ол үшін аңшы мылтығын ұрлап шығып, дәрігерді үйінің жанындағы автотұрақта күткен. Қаннен-қаперсіз көлігіне отырған гастроэнтерологты Тұрсынбаев атып өлтірген. Кейін басқа көліктегі жүргізушіні мылтықпен қорқытып, Алматыдағы аудандардың біріне апар деп бұйрық берген. Мұны полиция байқап қалған. Заңбұзушыны ұстау кезінде қылмыскер қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерлерінің бірінің басынан мылтықпен ұрған. Сотта прокурор қылмыскерді 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы Тұрсынбаев кісі өлтіргенін мойындады. Басқа айыптар бойынша соттан өзін ақтауды сұрады. Сот Тұрсынбаевқа 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20220408/almatylyq-darigerdin-olimi-kudikti-ony-eki-ay-boyy-andygan-24074145.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25087041_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_799246a3b1bbebe88ff53f79907a5222.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өлім, сот үкімі
Дәрігер Юрий Шумковты өлтірген пациентіне қатысты сот үкімі шықты
АЛМАТЫ, 16 қаңтар - Sputnik. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірген қылмыскерге үкім шығарды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Нұржан Тұрсынбаев қару ұрлағаны және заңсыз сақтағаны үшін, кісі өлтіргені, билік өкіліне қарсы күш қолданғаны үшін сотталды.
Ол гастроэнтеролог Шумаковтан медициналық көмек сұраған. Дұрыстап емдемеді деп шешкен пациент гастроэнтерологты өлтірген.
Ол үшін аңшы мылтығын ұрлап шығып, дәрігерді үйінің жанындағы автотұрақта күткен. Қаннен-қаперсіз көлігіне отырған гастроэнтерологты Тұрсынбаев атып өлтірген.
Кейін басқа көліктегі жүргізушіні мылтықпен қорқытып, Алматыдағы аудандардың біріне апар деп бұйрық берген. Мұны полиция байқап қалған. Заңбұзушыны ұстау кезінде қылмыскер қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерлерінің бірінің басынан мылтықпен ұрған.
Сотта прокурор қылмыскерді 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы Тұрсынбаев кісі өлтіргенін мойындады. Басқа айыптар бойынша соттан өзін ақтауды сұрады.
Сот Тұрсынбаевқа 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.