https://sputnik.kz/20220408/almatylyq-darigerdin-olimi-kudikti-ony-eki-ay-boyy-andygan-24074145.html
Алматылық дәрігердің өлімі: күдікті оны екі ай бойы аңдыған
Алматылық дәрігердің өлімі: күдікті оны екі ай бойы аңдыған
Sputnik Қазақстан
Кісі өлтірді деген күдікке ілінген ер адам дәрігердің қабылдауында бірнеше рет болған 08.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-08T11:15+0500
2022-04-08T11:15+0500
2022-04-08T11:15+0500
қоғам
алматы
дәрігер
күдікті
https://sputnik.kz/img/528/08/5280880_0:1639:3168:3421_1920x0_80_0_0_b627c0867a73f126cac7f9806605d66f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Бірнеше күн бұрын кісі қолынан көз жұмған гастроэнтеролог Юрий Шумков жұмыс істеген клиниканың басшысы трагедияның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.Клиника директоры Ләйлә Ташенованың айтуынша, ер адам Шумковтың қабылдауында үш рет болған.Күдікті Шумковқа бірінші рет 2022 жылғы 1 ақпанда келген. Пациент тамақ іше алмайтынына шағымданған. Оған ФГДС (асқазанды тексеру) жасамақ болғанда ер адам зондты жұлып алған. Процедураны екінші рет те жасау мүмкін болмады. Осыдан кейін пациентті лорға консультацияға жібереді, тек үшінші қабылдауда ғана Шумков ер адамды тексерген. Оған өңеш спазмы деген диазноз қойып, ем тағайындайды. Дәрігер мен пациент арасында ешқандай жанжал болған жоқ, дейді марқұмның әріптестері.Алайда кейін пациент дәрігерді өлтіруге бел буған, сөйтіп оны үйінің маңындағы автотұрақта атып тастаған."Пациент оны ұзақ аңдыпты. Тергеушінің айтуынша, ол түнгі екіде дәрігерді сол жерде күтіп тұрған. Оның ізіне түсіп, көлігі қай жерде тұрғанын біліп алған. Сағат тоғыз шамасында, 8:59-да оны атып тастаған дейді",- деді Ташенова.Алматылық дәрігердің өлімі4 сәуір күні Алматының Бостандық ауданында белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып кетті. Қайғылы оқиға марқұмның үйінің жанындағы автотұрақта болған. Дәрігер таңертең жұмысқа барғалы жатқан кезде көз жұмды.Қылмыскер оны мылтықпен екі рет атқан. Ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бірден таксиге отырып, ізін жасырған. Полиция оны көп ұзамай ұстады.Кейбір деректер бойынша күдікті дәрігерді дұрыс емдемегеннен кейін өлтірген.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/528/08/5280880_0:1342:3168:3718_1920x0_80_0_0_9f72b02a66637bdeda338be2919f5398.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, дәрігер, күдікті
Алматылық дәрігердің өлімі: күдікті оны екі ай бойы аңдыған
Кісі өлтірді деген күдікке ілінген ер адам дәрігердің қабылдауында бірнеше рет болған
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Бірнеше күн бұрын кісі қолынан көз жұмған гастроэнтеролог Юрий Шумков жұмыс істеген клиниканың басшысы трагедияның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды
КТК телеарнасы.
Клиника директоры Ләйлә Ташенованың айтуынша, ер адам Шумковтың қабылдауында үш рет болған.
Күдікті Шумковқа бірінші рет 2022 жылғы 1 ақпанда келген. Пациент тамақ іше алмайтынына шағымданған. Оған ФГДС (асқазанды тексеру) жасамақ болғанда ер адам зондты жұлып алған. Процедураны екінші рет те жасау мүмкін болмады. Осыдан кейін пациентті лорға консультацияға жібереді, тек үшінші қабылдауда ғана Шумков ер адамды тексерген. Оған өңеш спазмы деген диазноз қойып, ем тағайындайды. Дәрігер мен пациент арасында ешқандай жанжал болған жоқ, дейді марқұмның әріптестері.
Алайда кейін пациент дәрігерді өлтіруге бел буған, сөйтіп оны үйінің маңындағы автотұрақта атып тастаған.
"Пациент оны ұзақ аңдыпты. Тергеушінің айтуынша, ол түнгі екіде дәрігерді сол жерде күтіп тұрған. Оның ізіне түсіп, көлігі қай жерде тұрғанын біліп алған. Сағат тоғыз шамасында, 8:59-да оны атып тастаған дейді",- деді Ташенова.
Алматылық дәрігердің өлімі
4 сәуір күні Алматының Бостандық ауданында белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып кетті. Қайғылы оқиға марқұмның үйінің жанындағы автотұрақта болған. Дәрігер таңертең жұмысқа барғалы жатқан кезде көз жұмды.
Қылмыскер оны мылтықпен екі рет атқан. Ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бірден таксиге отырып, ізін жасырған. Полиция оны көп ұзамай ұстады.
Кейбір деректер бойынша күдікті дәрігерді дұрыс емдемегеннен кейін өлтірген.