АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. Қытаймен шекарадағы жағдайға қатысты көлік министрлігі түсініктеме берді.
Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекетінде жүк көліктері кептелісте тұр. Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі – отандық тасымалдаушылардың шекарадан өтуге қажетті шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауы. Аталған бланкілер екі елдің салалық көлік ведомстволары арасында өзара айырбасталады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Қытаймен аптасына 6 мың дана шетелдік рұқсат бланкісімен екіжақты алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.
"Соңғы сегіз апта бойы әр дүйсенбі сайын Қытай тарапы көрсетілген көлемдегі рұқсат бланкілерін беріп келеді", - дейді көлік министрлігі.
Шетелдік рұқсат бланкілерінің келесі партиясы 13 қазанда беріледі.