https://sputnik.kz/20251012/qazaqstanqytay-shekarasyndagy-kolik-keptelisinin-sebebi-belgili-boldy-57831519.html
Қазақстан–Қытай шекарасындағы көлік кептелісінің себебі белгілі болды
Қазақстан–Қытай шекарасындағы көлік кептелісінің себебі белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік кірістер комитеті жағдайдың тұрақты бақылауда екенін хабарлады 12.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-12T11:05+0500
2025-10-12T11:05+0500
2025-10-12T11:05+0500
қытай
шекара
https://sputnik.kz/img/07e9/05/13/53656548_0:57:1079:664_1920x0_80_0_0_ebc8cb621fbd0f564b7a1c9474e17b2c.jpg
АСТАНА, 12 қазан - Sputnik. ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекетінде қалыптасқан көлік кептелісіне қатысты түсініктеме берді. "Қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі – отандық тасымалдаушылардың шекарадан өтуге қажетті шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауы. Аталған бланкілер екі елдің салалық көлік ведомстволары арасында өзара айырбасталады", - делінген хабарламада. Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында мемлекеттік кірістер комитеті көлік министрлігімен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытайдың салалық ведомстволары қазақстандық тарапты қосымша шетелдік рұқсат бланкілерімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.Тасымалдаушылардың қаржылық шығынын азайту үшін "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесінің әкімшісі – "АЭО" АҚ-мен бірлесіп белсенді броньдардың қолданылу мерзімін 72 сағатқа ұзарту туралы шешім қабылданған. "Бұдан бөлек, Қытайдың көлік министрлігінен "С" санатындағы жаңа рұқсат бланкілері партиясы түскеннен кейін, өтініш беріп үлгермеген отандық тасымалдаушылар белгіленген тәртіппен бұрын брондалған кезек арқылы бланкілерді рәсімдеп алуға мүмкіндік алады", - дейді комитеттегілер. Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылардан шетелдік рұқсат бланкілері келіп түскенге дейін өткізу бекеттеріне барудан уақытша бас тартуды сұрайды.
https://sputnik.kz/20241125/qazaqstan-men-ozbekstan-shekarasynda-zhuk-kolikteri-kepteliste-tur-48785851.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/13/53656548_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_1ac9d0531137ac24166aafbf5507f3c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, шекара
Қазақстан–Қытай шекарасындағы көлік кептелісінің себебі белгілі болды
Мемлекеттік кірістер комитеті жағдайдың тұрақты бақылауда екенін хабарлады
АСТАНА, 12 қазан - Sputnik. ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекетінде қалыптасқан көлік кептелісіне қатысты түсініктеме берді.
"Қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі – отандық тасымалдаушылардың шекарадан өтуге қажетті шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауы. Аталған бланкілер екі елдің салалық көлік ведомстволары арасында өзара айырбасталады", - делінген хабарламада.
Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында мемлекеттік кірістер комитеті көлік министрлігімен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытайдың салалық ведомстволары қазақстандық тарапты қосымша шетелдік рұқсат бланкілерімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
"Сонымен қатар Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасымен келіссөздер өткізілді. Нәтижесінде қытай тарапы қабылдайтын автокөлік құралдарының санын уақытша арттыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, қытай өткізу бекеттерінде өткізу қабілетін арттыру және кедендік ресімдеу рәсімдерін жеделдету жөніндегі қосымша шаралар келісілді", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.
Тасымалдаушылардың қаржылық шығынын азайту үшін "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесінің әкімшісі – "АЭО" АҚ-мен бірлесіп белсенді броньдардың қолданылу мерзімін 72 сағатқа ұзарту туралы шешім қабылданған.
"Бұдан бөлек, Қытайдың көлік министрлігінен "С" санатындағы жаңа рұқсат бланкілері партиясы түскеннен кейін, өтініш беріп үлгермеген отандық тасымалдаушылар белгіленген тәртіппен бұрын брондалған кезек арқылы бланкілерді рәсімдеп алуға мүмкіндік алады", - дейді комитеттегілер.
Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылардан шетелдік рұқсат бланкілері келіп түскенге дейін өткізу бекеттеріне барудан уақытша бас тартуды сұрайды.