https://sputnik.kz/20241125/qazaqstan-men-ozbekstan-shekarasynda-zhuk-kolikteri-kepteliste-tur-48785851.html
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк көліктері кептелісте тұр
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк көліктері кептелісте тұр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 400-ден аса жүк көлігі кептелісте тұр. 25.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-25T14:48+0500
2024-11-25T14:48+0500
2024-11-25T14:48+0500
маңғыстау облысы
кеден
https://sputnik.kz/img/359/97/3599761_0:0:3076:1731_1920x0_80_0_0_8008a1b422efa873530191ce84a486ec.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 400-ден аса жүк көлігі кептелісте тұр.Көліктер мемлекеттік шекараның Қазақстан аумағында "Тәжен" өткізу пунктінде жиналып қалған.Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2024 жылы 25 қарашада Өзбекстан Республикасында "Дәуіт-Ата — Қоңырат" (400 шақырым) автомобиль жолының ашылуы, өткізу пунктінде көлік кептелісінің болуына әсер еткен. Осыған байланысты жүк көліктерінің ағыны көп."Бұдан басқа, қазіргі уақытта "Тәжен" өткізу пунктінде өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұзақ күтпеу үшін, тауарларды тасымалдаудың баламалы бағыттарын таңдап немесе тауарларды жеткізуге көбірек уақыт бөлуді ұсынды.Сондай-ақ, департамент тарапынан кедендік операцияларды жеделдетуге бағытталған қосымша шаралар қабылданған.
https://sputnik.kz/20241115/eaeo-elderinin-keden-isine-uzdik-alemdik-tazhiribeler-engiziledi-48547086.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/359/97/3599761_269:0:3000:2048_1920x0_80_0_0_c5e65e8d3e3b9ff737c97f03ebbff325.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, кеден
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк көліктері кептелісте тұр
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 400-ден аса жүк көлігі кептелісте тұр.
Көліктер мемлекеттік шекараның Қазақстан аумағында "Тәжен" өткізу пунктінде жиналып қалған.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2024 жылы 25 қарашада Өзбекстан Республикасында "Дәуіт-Ата — Қоңырат" (400 шақырым) автомобиль жолының ашылуы, өткізу пунктінде көлік кептелісінің болуына әсер еткен. Осыған байланысты жүк көліктерінің ағыны көп.
"Бұдан басқа, қазіргі уақытта "Тәжен" өткізу пунктінде өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұзақ күтпеу үшін, тауарларды тасымалдаудың баламалы бағыттарын таңдап немесе тауарларды жеткізуге көбірек уақыт бөлуді ұсынды.
Сондай-ақ, департамент тарапынан кедендік операцияларды жеделдетуге бағытталған қосымша шаралар қабылданған.