Шекарадағы көлік кептелісі: министрлік Қытаймен жасалған келісім туралы айтты

© Photo : Официальный сайт правительства КРСитуация на кыргызско-казахской границе
Ситуация на кыргызско-казахской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. Қытаймен шекарадағы жағдайға қатысты көлік министрлігі түсініктеме берді.
Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекетінде жүк көліктері кептелісте тұр. Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі – отандық тасымалдаушылардың шекарадан өтуге қажетті шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауы. Аталған бланкілер екі елдің салалық көлік ведомстволары арасында өзара айырбасталады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Қытаймен аптасына 6 мың дана шетелдік рұқсат бланкісімен екіжақты алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.
"Соңғы сегіз апта бойы әр дүйсенбі сайын Қытай тарапы көрсетілген көлемдегі рұқсат бланкілерін беріп келеді", - дейді көлік министрлігі.
Шетелдік рұқсат бланкілерінің келесі партиясы 13 қазанда беріледі.
Казахстанско-китайский автомобильный пункт пропуска Нур жолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2025
Қазақстан–Қытай шекарасындағы көлік кептелісінің себебі белгілі болды
Жаңалықтар
0