АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу жобаларын жүзеге асыруға арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлады үкімет.
"Жобалар жалпы Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдарды қамтиды. Аталған шараларды жүзеге асыру Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Жоба аясында топтық сумен жабдықтау жүйелеріне қосу және ауылішілік желілерді салу жұмыстары да қарастырылған.
Нысандар құрылысын аяқтау және оларды пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған.