Жемқорлардан қайтарылған 2,2 млрд теңге Қызылорда облысын сумен жабдықтауға бағытталды

© Photo : Предоставлено министерством водных ресурсов и ирригации КазахстанаЖемқорлардан қайтарылған 2,2 млрд теңге Қызылорда облысын сумен жабдықтауға бағытталды
Жемқорлардан қайтарылған 2,2 млрд теңге Қызылорда облысын сумен жабдықтауға бағытталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2025
Жазылу
Нысандардың құрылысы мен іске қосылуы 2025 жылдың соңына дейін аяқталмақ
АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу жобаларын жүзеге асыруға арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлады үкімет.
"Жобалар жалпы Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдарды қамтиды. Аталған шараларды жүзеге асыру Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Жоба аясында топтық сумен жабдықтау жүйелеріне қосу және ауылішілік желілерді салу жұмыстары да қарастырылған.
Нысандар құрылысын аяқтау және оларды пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған.
Ақмола облысындағы аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Қайтарылған активтер: Қызылорда облысында 7 млрд теңгеге медициналық нысандар салынады
Жаңалықтар
0