https://sputnik.kz/20250806/qaytarylgan-aktivter-qyzylorda-oblysynda-7-mlrd-tengege-meditsinalyq-nysandar-salynady-56184195.html
Қайтарылған активтер: Қызылорда облысында 7 млрд теңгеге медициналық нысандар салынады
Қайтарылған активтер: Қызылорда облысында 7 млрд теңгеге медициналық нысандар салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Қызылорда облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен 7 млрд теңгеге жаңа медициналық мекемелер салынады, деп хабарлады үкімет. 06.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-06T08:06+0500
2025-08-06T08:06+0500
2025-08-06T09:23+0500
үкімет
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0b/54511751_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_3b199e7a583dbc4f68668cc5c55a4d10.jpg
АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Қызылорда облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен 7 млрд теңгеге жаңа медициналық мекемелер салынады, деп хабарлады үкімет.Қазақстанда заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр, дейді ведомстводағылар. Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді.Онда инсульт орталықтары, рентгенхирургия бөлімшелері және басқа да бейінді бөлімдер ашылып, заманауи медициналық жабдықтар, яғни магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография және ангиографиялық қондырғылар орнатылады.Жобалар жүзеге асқан соң, ауылдық жерлердегі 300 мыңнан астам тұрғын мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізеді.Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланған.
https://sputnik.kz/20250712/qaytarylgan-aktivter-qaragandy-oblysynyn-su-qubyry-zhelilerin-saluga-qarazhat-bolindi-55586029.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0b/54511751_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_b8b2082eda06f4b70816bd5f13a6598a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, қызылорда облысы
Қайтарылған активтер: Қызылорда облысында 7 млрд теңгеге медициналық нысандар салынады
08:06 06.08.2025 (жаңартылды: 09:23 06.08.2025) АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Қызылорда облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен 7 млрд теңгеге жаңа медициналық мекемелер салынады, деп хабарлады
үкімет.
Қазақстанда заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр, дейді ведомстводағылар. Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді.
"Бұл қаражат Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық аудандық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар салуға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Онда инсульт орталықтары, рентгенхирургия бөлімшелері және басқа да бейінді бөлімдер ашылып, заманауи медициналық жабдықтар, яғни магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография және ангиографиялық қондырғылар орнатылады.
Жобалар жүзеге асқан соң, ауылдық жерлердегі 300 мыңнан астам тұрғын мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізеді.
Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланған.