Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі: Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді басымдықпен жеңді

Бұл Қазақстанның іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы екінші жеңісі болды
Sputnik
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді.
Бірінші таймның ортасында Ғалымжан Кенжебек пен Бактиер Зайнутдинов гол соғып, құраманы алға шығарды. Үзілістен кейін Кенжебек екінші рет гол соғып, матчтың соңына қарай Әлібек Қасым ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.
Бұл Қазақстанның іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы екінші жеңісі болды. Командада қазір алты ұпай бар.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуде 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.
"Реал" Алматыға келеді: полиция футбол жанкүйерлеріне үндеу жолдады