Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі: Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді басымдықпен жеңді

Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді басымдықпен жеңді
Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді басымдықпен жеңді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2025
Жазылу
Бұл Қазақстанның іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы екінші жеңісі болды
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді.
Бірінші таймның ортасында Ғалымжан Кенжебек пен Бактиер Зайнутдинов гол соғып, құраманы алға шығарды. Үзілістен кейін Кенжебек екінші рет гол соғып, матчтың соңына қарай Әлібек Қасым ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.
Бұл Қазақстанның іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы екінші жеңісі болды. Командада қазір алты ұпай бар.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуде 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2025
"Реал" Алматыға келеді: полиция футбол жанкүйерлеріне үндеу жолдады
Жаңалықтар
0