https://sputnik.kz/20250903/real-almatyga-keledi--politsiya-futbol-zhankuyerlerine-undeu-zholdady-56792166.html
"Реал" Алматыға келеді: полиция футбол жанкүйерлеріне үндеу жолдады
"Реал" Алматыға келеді: полиция футбол жанкүйерлеріне үндеу жолдады
Sputnik Қазақстан
Алаяқтарға алданып қалмау үшін матч билетін тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алу қажет 03.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-03T22:50+0500
2025-09-03T22:50+0500
2025-09-03T22:50+0500
"қайрат" футбол клубы
билет
реал
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Полиция "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчына билет сатып алу кезінде сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.Алматы қаласының полициясы ең кең таралған алаяқтық тізбегін түсіндіретін әлеуметтік бейнеролик дайындады.Тәжірибе көрсеткендей, ірі спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде интернет арқылы жалған билеттер ұсынатын алаяқтар белсенді әрекетке көшеді.Полиция азаматтарға билеттерді тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алуды ұсынады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын ала төлемді талап ететін күмәнді ұсыныстарға сақ болу қажет.Ол полицияның мақсаты киберқылмыстарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу екенін ерекше атап өтті."Сол себепті біз әлеуметтік бейнероликтер мен БАҚ арқылы белсенді түрде профилактикалық жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деп түйіндеді Анес Қалдыбаев.Полиция күмәнді хабарландырулар мен алаяқтық деректері анықталған жағдайда бірден "102" нөміріне хабарлау қажет екенін еске салды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"қайрат" футбол клубы, билет, реал
"қайрат" футбол клубы, билет, реал
"Реал" Алматыға келеді: полиция футбол жанкүйерлеріне үндеу жолдады
Алаяқтарға алданып қалмау үшін матч билетін тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алу қажет
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Полиция "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчына билет сатып алу кезінде сақ болуға шақырды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Алматы қаласының полициясы ең кең таралған алаяқтық тізбегін түсіндіретін әлеуметтік бейнеролик дайындады.
Тәжірибе көрсеткендей, ірі спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде интернет арқылы жалған билеттер ұсынатын алаяқтар белсенді әрекетке көшеді.
Полиция азаматтарға билеттерді тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алуды ұсынады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын ала төлемді талап ететін күмәнді ұсыныстарға сақ болу қажет.
"Қала тұрғындары мен қонақтарына алдағы матчқа қызығушылық артуына байланысты алаяқтық тізбектердің қаупі де еселейтінін ескертеміз. Еш жағдайда билетті қолдан немесе тексерілмеген интернет-платформалардан сатып алмаңыз. Күмән туған жағдайда ресми дистрибьютор кассасына жүгініңіз. Бұл – өзіңізді және қаражатыңызды қорғаудың жалғыз жолы", – деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Ол полицияның мақсаты киберқылмыстарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу екенін ерекше атап өтті.
"Сол себепті біз әлеуметтік бейнероликтер мен БАҚ арқылы белсенді түрде профилактикалық жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деп түйіндеді Анес Қалдыбаев.
Полиция күмәнді хабарландырулар мен алаяқтық деректері анықталған жағдайда бірден "102" нөміріне хабарлау қажет екенін еске салды.