АЛМАТЫ, 9 қазан - Sputnik. Павлодар облысында шаруа қожалығында өрт шығып, 6 адам өртеніп кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт Солнечный кентінен 7 км қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде болған. Өртті жоюға жеке құрамның 30-ға жуық адамы және 10 бірлік техника жұмылдырылған.
"Өрт сөндіру барысында 27 литрлі 8 газ баллоны шығарылды. Алғашқы бөлімшелер келгенде тұрғын үй толығымен өртке оранған. Өрттің салдарынан шатыр жартылай құлаған. Жалын іргелес қосалқы құрылыстарға да таралып, жалпы ауданы 920 шаршы метрге жайылған", - делінген хабарламада.
Өрт кезінде үйде 7 адам болған. Олардың бірі 1972 жылы туған ер адам өз бетінше сыртқа шығып үлгерген.
"Ол жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізіліп, онда қажетті көмек көрсетілді. Оқиға орнында қаза тапқан алты адамның денесі табылды. Олардың кім екендері анықталып жатыр", - дейді ведомство.
Қазір оқиға орнында тергеу жүріп жатыр.