Астанада тұрғын үй кешенінде өрт шықты

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАстанадағы өрт
Астанадағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Жазылу
Өрт 250 шаршы метр алаңды қамтыды
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты.
"7 бөшке" тұрғын үй кешенінің 6 мен 16 қабат аралығындағы сыртқы қаптамасы мен 14-қабаттағы балкон өртенген.
ТЖМ мәліметінше, қызыл жалын 250 шаршы метр алаңды қамтыды.
Төтенше оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Әкімдік қажет болған жағдайда тұрғындарды қонақ үйлерге уақытша орналастыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар, жан-жақты көмек көрсетіледі.
Жаңалықтар
0