https://sputnik.kz/20251009/pavlodar-oblysynda-bir-uyde-6-adam-ortenip-ketti--57731101.html
Павлодар облысында бір үйде 6 адам өртеніп кетті
Павлодар облысында бір үйде 6 адам өртеніп кетті
Sputnik Қазақстан
Үйде болған жеті адамның бірі өз бетінше сыртқа шығып үлгерген 09.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-09T11:30+0500
2025-10-09T11:30+0500
2025-10-09T11:30+0500
павлодар облысы
өрт
қаза тапты
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0c/50807534_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_9d2ef5dfb57eefcb9b0c0763117641f6.jpg
АЛМАТЫ, 9 қазан - Sputnik. Павлодар облысында шаруа қожалығында өрт шығып, 6 адам өртеніп кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Өрт Солнечный кентінен 7 км қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде болған. Өртті жоюға жеке құрамның 30-ға жуық адамы және 10 бірлік техника жұмылдырылған.Өрт кезінде үйде 7 адам болған. Олардың бірі 1972 жылы туған ер адам өз бетінше сыртқа шығып үлгерген. "Ол жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізіліп, онда қажетті көмек көрсетілді. Оқиға орнында қаза тапқан алты адамның денесі табылды. Олардың кім екендері анықталып жатыр", - дейді ведомство. Қазір оқиға орнында тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20250604/54247375.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0c/50807534_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_1f8d617d687ada790125b058888224c0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, өрт, қаза тапты
павлодар облысы, өрт, қаза тапты
Павлодар облысында бір үйде 6 адам өртеніп кетті
Үйде болған жеті адамның бірі өз бетінше сыртқа шығып үлгерген
АЛМАТЫ, 9 қазан - Sputnik. Павлодар облысында шаруа қожалығында өрт шығып, 6 адам өртеніп кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт Солнечный кентінен 7 км қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде болған. Өртті жоюға жеке құрамның 30-ға жуық адамы және 10 бірлік техника жұмылдырылған.
"Өрт сөндіру барысында 27 литрлі 8 газ баллоны шығарылды. Алғашқы бөлімшелер келгенде тұрғын үй толығымен өртке оранған. Өрттің салдарынан шатыр жартылай құлаған. Жалын іргелес қосалқы құрылыстарға да таралып, жалпы ауданы 920 шаршы метрге жайылған", - делінген хабарламада.
Өрт кезінде үйде 7 адам болған. Олардың бірі 1972 жылы туған ер адам өз бетінше сыртқа шығып үлгерген.
"Ол жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізіліп, онда қажетті көмек көрсетілді. Оқиға орнында қаза тапқан алты адамның денесі табылды. Олардың кім екендері анықталып жатыр", - дейді ведомство.
Қазір оқиға орнында тергеу жүріп жатыр.