АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Түркістан облысында оқушыға тиіскен 38 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне үкім шықты.
Ол 8-сыныпта оқитын қызды адам жоқ жерге алып шығып, көлік ішінде тиіскен, азғындық жасаған.
Педагог сотта кінәсін мойындамады.
"Сот оны кінәлі деп танып, 12 жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол өмір бойы білім беру саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды", - дейді Түркістан облыстық соты.
Айта кетері, сотталушы — бес баланың әкесі. Мектепте 16 жыл жұмыс істеген.