Жамбыл облысында педофил 22 жылға бас бостандығынан айырылды

© Sputnik / Табылды КадырбековМужчина держит девочку за плечо, архивное фото
Мужчина держит девочку за плечо, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Жазылу
Жәбірленушілердің пайдасына сотталғаннан жалпы 13 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында баланы зорлаған ер адам 22 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
"Сотта жас баланы зорлап, күш қолдану арқылы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін, сондай-ақ күш қолданбай, жас балаға қатысты азғындық жасағаны үшін айыпталған сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды", - деп жазылған хабарламада.
Сот 2011-2015 жылдар аралығында сотталушы Қордай ауылында өз үйінде, үйде басқа адамдар болмаған кезде 2003 жылы туған (жиені) көмелетке толмаған жәбірленуші Д.-ны бірнеше рет зорлағанын, сондай-ақ жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағанын анықтады. 2024 жылдың қараша айында сотталушы Қордай ауылында жәбірленуші Д.-ның үйінде басқа адамдардың жоқтығын пайдаланып, оны бірнеше рет зорлаған.
Ал 2018 жылдың мамырынан тамызына дейін сотталушы Қордай ауылында өз үйінде бола отырып, 2005 жылы туған жас жәбірленушіге (туысы емес) қатысты күш қолданбай бірнеше рет азғындық әрекет жасаған.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
"Жәбірленушілер кешірім бермеді, сотталушыны қатаң жазалауды, моральдық зиян өндіруді сұрады. Сотталушы кінәні толығымен мойындамады", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен К. кінәлі деп танылды және оған кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Жәбірленушілердің пайдасына сотталғаннан жалпы 13 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0