Түркістан облысында оқушы қызға азғындық жасаған мұғалім 12 жылға сотталды

© Photo : Fotolia/VkaraТүркістан облысында оқушы қызға тиіскен мұғалім 12 жылға сотталды
Түркістан облысында оқушы қызға тиіскен мұғалім 12 жылға сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2025
Жазылу
Ол мектепте 16 жыл қызмет еткен
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Түркістан облысында оқушыға тиіскен 38 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне үкім шықты.
Ол 8-сыныпта оқитын қызды адам жоқ жерге алып шығып, көлік ішінде тиіскен, азғындық жасаған.
Педагог сотта кінәсін мойындамады.
"Сот оны кінәлі деп танып, 12 жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол өмір бойы білім беру саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды", - дейді Түркістан облыстық соты.
Айта кетері, сотталушы — бес баланың әкесі. Мектепте 16 жыл жұмыс істеген.
Мужчина держит девочку за плечо, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Жамбыл облысында педофил 22 жылға бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар
0