АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы Рудный прокуроры қамауға алынғаны туралы хабарлады.
"Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 2025 жылдың 28 қыркүйегінде қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, деп хабарлады прокуратурадағылар.