Рудныйда прокурор қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2025
Жазылу
Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы Рудный прокуроры қамауға алынғаны туралы хабарлады.
"Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 2025 жылдың 28 қыркүйегінде қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, деп хабарлады прокуратурадағылар.
Сим-карта - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2025
Украинада қазақстандықтарды телефон арқылы алдаған алаяқтар тобы ұсталды
Жаңалықтар
0