https://sputnik.kz/20250925/ukrainada-qazaqstandyqtardy-telefon-arqyly-aldagan-alayaqtar-toby-ustaldy-57358945.html
Украинада қазақстандықтарды телефон арқылы алдаған алаяқтар тобы ұсталды
Украинада қазақстандықтарды телефон арқылы алдаған алаяқтар тобы ұсталды
Sputnik Қазақстан
Қылмыскерлер жәбірленушілерге Қазақстанның ұлттық банкі, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері атынан қоңырау шалған 25.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-25T15:43+0500
2025-09-25T15:43+0500
2025-09-25T16:02+0500
полиция
қылмыс
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1b/18994595_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_54441b41aefe55f89e1cb9f6d9aa89a0.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Украинаның екі қаласында алаяқтардың трансұлттық қылмыстық тобы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Қазақстанның киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Украинаның ұлттық полициясы мен прокуратурасымен бірлесіп, Черновцы мен Одесса қалаларында алаяқтардың трансұлттық қылмыстық тобын құрықтады. Сол жерде қазақстандықтарды ұзақ уақыт бойы алдаумен айналысқан алаяқтық call-орталық жойылды.Қылмыскерлер жәбірленушілерге Қазақстанның ұлттық банкі, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері атынан қоңырау шалып, "күдікті операциялар" мен "террористік ұйымдарды қаржыландыру" үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытқан. Осылайша, азаматтарды несие алуға, мүлкін сатуға және депозиттегі қаражатты дроптардың шотына аударуға мәжбүрлеген.Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайлары мен сall-орталықты тінту кезінде 30-дан астам компьютерлік техника, 79 ұялы телефон, sim-карталар, құқық қорғау және арнайы органдардың, ұлттық банк қызметкерлерінің жалған куәліктері, азаматтарды алдауға арналған түрлі жауап нұсқалары бар алдын ала дайындалған сценарийлер, сондай-ақ басқа да айғақтар тәркіленді.Алдын ала мәліметке сәйкес, қылмыстық топ Қазақстан азаматтарын 900 миллион теңгеден астам сомаға алдаған. Арнайы операция кезінде Украинаның 9 азаматы ұсталып, оның бесеуі қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20250828/ulttyq-bank-alayaqtar-urlagan-aqshany-qaytaruga-qatysty-tuzetulerdi-tusindirdi-56651197.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1b/18994595_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_06c9751be78790aaa0efb1473cc4c4da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, қылмыс, алаяқтық
полиция, қылмыс, алаяқтық
Украинада қазақстандықтарды телефон арқылы алдаған алаяқтар тобы ұсталды
15:43 25.09.2025 (жаңартылды: 16:02 25.09.2025) Қылмыскерлер жәбірленушілерге Қазақстанның ұлттық банкі, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері атынан қоңырау шалған
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Украинаның екі қаласында алаяқтардың трансұлттық қылмыстық тобы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстанның киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Украинаның ұлттық полициясы мен прокуратурасымен бірлесіп, Черновцы мен Одесса қалаларында алаяқтардың трансұлттық қылмыстық тобын құрықтады. Сол жерде қазақстандықтарды ұзақ уақыт бойы алдаумен айналысқан алаяқтық call-орталық жойылды.
Қылмыскерлер жәбірленушілерге Қазақстанның ұлттық банкі, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері атынан қоңырау шалып, "күдікті операциялар" мен "террористік ұйымдарды қаржыландыру" үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытқан. Осылайша, азаматтарды несие алуға, мүлкін сатуға және депозиттегі қаражатты дроптардың шотына аударуға мәжбүрлеген.
Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайлары мен сall-орталықты тінту кезінде 30-дан астам компьютерлік техника, 79 ұялы телефон, sim-карталар, құқық қорғау және арнайы органдардың, ұлттық банк қызметкерлерінің жалған куәліктері, азаматтарды алдауға арналған түрлі жауап нұсқалары бар алдын ала дайындалған сценарийлер, сондай-ақ басқа да айғақтар тәркіленді.
"Қылмыстық топта әкімшілер, HR-менеджерлер, "клоузерлер", техникалық қызметкерлер, тіпті "күштік блок" болған. Ал алданған азаматтардан түскен ақша call-орталықтың жұмысына, автокөлік сатып алуға және тағы да басқа нәрселерге жұмсалды. Кеңсені ұстауға ғана айына 60 мың АҚШ доллар қажет болған. Күдіктілердің біреуі соңғы алты айда бес көлік сатып алған", - дейді киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Өскембаев.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қылмыстық топ Қазақстан азаматтарын 900 миллион теңгеден астам сомаға алдаған. Арнайы операция кезінде Украинаның 9 азаматы ұсталып, оның бесеуі қамауға алынды.