https://sputnik.kz/20250828/ulttyq-bank-alayaqtar-urlagan-aqshany-qaytaruga-qatysty-tuzetulerdi-tusindirdi-56651197.html
Ұлттық банк алаяқтар ұрлаған ақшаны қайтаруға қатысты түзетулерді түсіндірді
Ұлттық банк алаяқтар ұрлаған ақшаны қайтаруға қатысты түзетулерді түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Жасанды интеллект күдікті банктік операцияларды бұғаттайды 28.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-28T13:11+0500
2025-08-28T13:11+0500
2025-08-28T13:11+0500
ұлттық банк
алаяқтық
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468516_188:209:2523:1522_1920x0_80_0_0_e52ebeaa85b734b40212a1523b8d76b8.jpg
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен азаматтарға қаражатты қайтаруды жеңілдететін заңнамалық түзетулерді түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.Енді алаяқтық белгісі бар транзакциялар бойынша бұғатталған қаражатты прокурордың санкциясымен тергеу органдарына хабарлау арқылы қайтаруға болады. Бұрын сот шешімі қажет болған.Бұдан бөлек, алаяқтық белгісі бар транзакцияларды бұғаттау мерзімі 3 жұмыс күнінен 5 күнге дейін ұзартылып отыр.Алдағы уақытта ұлттық антифрод-орталығы өз базасын бас прокуратурамен, ұлттық қауіпсіздік комитетімен, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және мобильді операторлармен біріктіретін болады. Сондай-ақ банк қосымшаларындағы күдікті белсенділікті анықтайтын және банкаралық деңгейде күмәнді аударымдарды бұғаттайтын жасанды интеллект технологиясы енгізіледі.Айта кетері, қазіргі кезде ұлттық банктің антифрод-орталығына банктер, микроқаржы ұйымдары, телеком-операторлар мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда 200-ден астам қатысушы қосылған. Осы уақытқа дейін 80 мыңнан астам оқиға тіркелді, соның нәтижесінде 3 млрд теңге бұғатталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468516_199:164:2231:1688_1920x0_80_0_0_ba8a16c84493768b6532d081782c5468.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, алаяқтық, алаяқ
ұлттық банк, алаяқтық, алаяқ
Ұлттық банк алаяқтар ұрлаған ақшаны қайтаруға қатысты түзетулерді түсіндірді
Жасанды интеллект күдікті банктік операцияларды бұғаттайды
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен азаматтарға қаражатты қайтаруды жеңілдететін заңнамалық түзетулерді түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Енді алаяқтық белгісі бар транзакциялар бойынша бұғатталған қаражатты прокурордың санкциясымен тергеу органдарына хабарлау арқылы қайтаруға болады. Бұрын сот шешімі қажет болған.
"Ұлттық антифрод-орталықта заңсыз операцияларға тартылған күдікті төлем карталары мен электронды әмияндардың дерекқоры құрылады. Сонымен қатар банк шоты алаяқтық әрекетке байланысты бұғатталған тұлғалар үшін зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы немесе жалақы аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдер мен өзге де ақша аударымдарына қолжетімділік сақталады", - дейді банк мамандары.
Бұдан бөлек, алаяқтық белгісі бар транзакцияларды бұғаттау мерзімі 3 жұмыс күнінен 5 күнге дейін ұзартылып отыр.
Алдағы уақытта ұлттық антифрод-орталығы өз базасын бас прокуратурамен, ұлттық қауіпсіздік комитетімен, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және мобильді операторлармен біріктіретін болады. Сондай-ақ банк қосымшаларындағы күдікті белсенділікті анықтайтын және банкаралық деңгейде күмәнді аударымдарды бұғаттайтын жасанды интеллект технологиясы енгізіледі.
Айта кетері, қазіргі кезде ұлттық банктің антифрод-орталығына банктер, микроқаржы ұйымдары, телеком-операторлар мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда 200-ден астам қатысушы қосылған. Осы уақытқа дейін 80 мыңнан астам оқиға тіркелді, соның нәтижесінде 3 млрд теңге бұғатталды.