Ақмола облысында бақташы түрмеге отыру үшін бір қылмысты үшінші рет жасады

Қылмысқа үшінші рет не себепті барғанын қазіргі уақытта тұрақты тұратын жері жоқ екенімен түсіндірді
Sputnik
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Аршалы аудандық соты бір қылмысты үшінші рет жасаған бақташыны бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, бақташы болып істейтін ер адам бұған дейін 2019 және 2023 жылдары терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар бергені үшін екі рет сотталған бола тұра, осы қылмысты биыл тамыз айында тағы да қайталап жасаған.
Ол "112" нөміріне қоңырау шалып, Астана қаласындағы автовокзалда жарылғыш зат бар деп айтқан. Алайда тексеріс кезінде террористік акт туралы ақпарат расталмады.
Сотта бақташы өз кінәсін мойындады. Қылмысқа үшінші рет не себепті барғанын да түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта тұрақты тұратын жері жоқ. Ал түрмеде тегін тамақ пен киім береді.
Сот үкімімен ер адам 2 жылға бас бостандығын айырылды. Ол өз жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Баласын ұрған ата-аналар түрмеге тоғытылуы мүмкін – заң талаптары