https://sputnik.kz/20250925/aqmola-oblysynda-baqtashy-turmege-otyru-ushin-bir-qylmysty-ushinshi-ret-zhasady-57360610.html
Ақмола облысында бақташы түрмеге отыру үшін бір қылмысты үшінші рет жасады
Ақмола облысында бақташы түрмеге отыру үшін бір қылмысты үшінші рет жасады
Sputnik Қазақстан
Қылмысқа үшінші рет не себепті барғанын қазіргі уақытта тұрақты тұратын жері жоқ екенімен түсіндірді 25.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-25T17:23+0500
2025-09-25T17:23+0500
2025-09-25T17:24+0500
ақмола облысы
малшы
жалған терроризм
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_3a67c3c8c998434996b244e52a97b084.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Аршалы аудандық соты бір қылмысты үшінші рет жасаған бақташыны бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сот материалдарына сәйкес, бақташы болып істейтін ер адам бұған дейін 2019 және 2023 жылдары терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар бергені үшін екі рет сотталған бола тұра, осы қылмысты биыл тамыз айында тағы да қайталап жасаған.Ол "112" нөміріне қоңырау шалып, Астана қаласындағы автовокзалда жарылғыш зат бар деп айтқан. Алайда тексеріс кезінде террористік акт туралы ақпарат расталмады.Сотта бақташы өз кінәсін мойындады. Қылмысқа үшінші рет не себепті барғанын да түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта тұрақты тұратын жері жоқ. Ал түрмеде тегін тамақ пен киім береді.Сот үкімімен ер адам 2 жылға бас бостандығын айырылды. Ол өз жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
https://sputnik.kz/20250907/balasyn-urgan-ata-analar-turmege-togytyluy-mumkin--zan-talaptary-56880041.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_bd2b7772b12ae25a2e51a6cbcb9eceda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, малшы, жалған терроризм
ақмола облысы, малшы, жалған терроризм
Ақмола облысында бақташы түрмеге отыру үшін бір қылмысты үшінші рет жасады
17:23 25.09.2025 (жаңартылды: 17:24 25.09.2025) Қылмысқа үшінші рет не себепті барғанын қазіргі уақытта тұрақты тұратын жері жоқ екенімен түсіндірді
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Аршалы аудандық соты бір қылмысты үшінші рет жасаған бақташыны бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, бақташы болып істейтін ер адам бұған дейін 2019 және 2023 жылдары терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар бергені үшін екі рет сотталған бола тұра, осы қылмысты биыл тамыз айында тағы да қайталап жасаған.
Ол "112" нөміріне қоңырау шалып, Астана қаласындағы автовокзалда жарылғыш зат бар деп айтқан. Алайда тексеріс кезінде террористік акт туралы ақпарат расталмады.
Сотта бақташы өз кінәсін мойындады. Қылмысқа үшінші рет не себепті барғанын да түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта тұрақты тұратын жері жоқ. Ал түрмеде тегін тамақ пен киім береді.
Сот үкімімен ер адам 2 жылға бас бостандығын айырылды. Ол өз жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.