Қазақстанда ет бағасын бақылау күшейтіледі

Жыл басынан бері сиыр етіне үстеме бағаны сақтамаған 33 сатушы айыппұл арқалаған
Sputnik
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Сауда министрлігі ет бағасын бақылау мақсатында қосымша мониторингтік топтардың құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министр Арман Шаққалиев Астанада барлық өңірден 80-нен астам сауда желілерінің өкілдерін жинап, кеңейтілген отырыс өткізді.
Оған Magnum Cash&Carry, Small&Skif,Anvar, Dina, Dana, Norma, Metro, Toimart, Galmart, INMART, Greenwich және басқа да ірі сауда желілері қатысты. Сол жерде министр үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15 проценттік сауда үстемесін сақтау қажеттігін еске салды. Ал бұзушылық орын алған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Ет өнімдері де әлеуметтік маңызы бар тауарларға кіреді. Сондықтан белгіленген сауда үстемесінің сақталуына ерекше назар аударылды.
"Сауда министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ет өнімдерін сауда орындарына жеткізу кезінде үстеме бағаның сақталуын бақылау үшін қосымша мониторингтік топтар құруда. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізуде жасырын қымбаттау схемаларын және ретро-бонустарды алып тастауға бағытталған заңнамалық өзгерістер дайындалып жатыр", - делінген ресми хабарламада
Айта кетері, жыл басынан бері 15 проценттік сауда үстемесін сақтамағаны үшін 2191 хаттама рәсімдеді. Соның ішінде 1020 жағдай бойынша 39,6 млн теңгеге айыппұл салынды. Ал сиыр етіне үстеме бағаны сақтамаған 33 сатушы айыппұл арқалады.
Сиыр етін төмен бағмена сатып алуға болады – ауқымды акция жарияланды