Сиыр етін төмен бағмена сатып алуға болады – ауқымды акция жарияланды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуСиыр етін төмен бағамен сатып алуға болады – ауқымды акция жарияланды
Сиыр етін төмен бағамен сатып алуға болады – ауқымды акция жарияланды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2025
Жазылу
Акция аясында халық арасында жоғары сұранысқа ие жаңа піскен көкөністер, жемістер ұсынылады
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ірі сауда желілерінде "БерекеFest" акциясы басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акция аясында жаңа өнімдер, әсіресе, халық арасында жоғары сұранысқа ие жаңа піскен көкөністер, жемістер мен сиыр еті ұсынылады.
"Сауда желілері қазақстандық өндірушілер үшін арнайы орындар бөліп, өнімдерді нарықтан төмен бағада сатуға мүмкіндік береді. Бұл ішкі өндірісті қолдап қана қоймай, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасының тұрақтануына ықпал етеді", - делінген ресми хабарламада.
Ал ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті әкімдіктер ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін көбірек өткізуге кірісті.
"Бұл өз кезегінде тұтынушылардың сапалы отандық тауарларға тікелей қол жеткізуіне жағдай жасап, делдалдардың соңғы бағаға ықпалын төмендетеді", - дейді министрлік мамандары.
Дүкендегі ет өнімдері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
Ет сататын делдалдар қылмыстық жазаға тартылады - министр себебін айтты
Жаңалықтар
0