https://sputnik.kz/20250708/et-satatyn-deldaldar-qylmystyq-zhazaga-tartylady---ministr-sebebin-aytty-55471512.html
Ет сататын делдалдар қылмыстық жазаға тартылады - министр себебін айтты
Ет сататын делдалдар қылмыстық жазаға тартылады - министр себебін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет сататын делдалдарды қылмыстық жазаға тарту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды... 08.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-08T13:36+0500
2025-07-08T13:36+0500
2025-07-08T13:36+0500
министрлік
ет
https://sputnik.kz/img/07e9/03/11/51665792_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5c0f0a7693088a118c8c60becf5961d7.jpg
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет сататын делдалдарды қылмыстық жазаға тарту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде арнайы ақпараттық базаларда әрбір үй жануарына жеке нөмір беріледі. Осылайша, қажетті деректер мен ветеринариялық рәсімдер ресми түрде тіркеліп тұрады. Алайда осы талаптарды көбінесе мал иелері ғана орындайды. Ал етті сатып алатын делдалдар оны ветеринариялық құжаттарсыз өткізеді. Олардың жауапкершілігін күшейту жоспарланып отыр.Министрлік осы бастаманы парламенттің қарауына келесі сессияда енгізуді жоспарлап отыр. Депутаттар күзде жұмысқа шығады.
https://sputnik.kz/20250708/atbasar-audanynda-karantin-engizildi---19-adam-aurukhanaga-zhatqyzyldy-55468606.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/11/51665792_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5c83b8143619fb8077cb32d590fc652b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, ет
Ет сататын делдалдар қылмыстық жазаға тартылады - министр себебін айтты
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет сататын делдалдарды қылмыстық жазаға тарту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде арнайы ақпараттық базаларда әрбір үй жануарына жеке нөмір беріледі. Осылайша, қажетті деректер мен ветеринариялық рәсімдер ресми түрде тіркеліп тұрады. Алайда осы талаптарды көбінесе мал иелері ғана орындайды. Ал етті сатып алатын делдалдар оны ветеринариялық құжаттарсыз өткізеді. Олардың жауапкершілігін күшейту жоспарланып отыр.
"Малды ауылдан сатып алып, базарға апаратын делдалдар бар. Олар кей кезде етті қажетті құжатсыз, анықтамасыз өткізеді. Ондай адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға дейін шара қолдануды жоспарлап отырмыз. Оны да заңға енгізу керек. Бұған мән бермесек, ауру мал бүкіл халыққа қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан қатаң шара болуы керек",-деді Сапаров үкіметтегі брифингте.
Министрлік осы бастаманы парламенттің қарауына келесі сессияда енгізуді жоспарлап отыр. Депутаттар күзде жұмысқа шығады.