https://sputnik.kz/20250922/qazaqstanda-et-bagasyn-baqylau-kusheytiledi---57284817.html
Қазақстанда ет бағасын бақылау күшейтіледі
Қазақстанда ет бағасын бақылау күшейтіледі
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері сиыр етіне үстеме бағаны сақтамаған 33 сатушы айыппұл арқалаған 22.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-22T21:45+0500
2025-09-22T21:45+0500
2025-09-22T21:45+0500
ет
баға
сауда
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/09/16/57284952_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_ff7dc999306f2932ee845d355229d8a5.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Сауда министрлігі ет бағасын бақылау мақсатында қосымша мониторингтік топтардың құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Министр Арман Шаққалиев Астанада барлық өңірден 80-нен астам сауда желілерінің өкілдерін жинап, кеңейтілген отырыс өткізді. Оған Magnum Cash&Carry, Small&Skif,Anvar, Dina, Dana, Norma, Metro, Toimart, Galmart, INMART, Greenwich және басқа да ірі сауда желілері қатысты. Сол жерде министр үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15 проценттік сауда үстемесін сақтау қажеттігін еске салды. Ал бұзушылық орын алған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Ет өнімдері де әлеуметтік маңызы бар тауарларға кіреді. Сондықтан белгіленген сауда үстемесінің сақталуына ерекше назар аударылды. Айта кетері, жыл басынан бері 15 проценттік сауда үстемесін сақтамағаны үшін 2191 хаттама рәсімдеді. Соның ішінде 1020 жағдай бойынша 39,6 млн теңгеге айыппұл салынды. Ал сиыр етіне үстеме бағаны сақтамаған 33 сатушы айыппұл арқалады.
https://sputnik.kz/20250922/siyr-etin-tomen-bagamen-satyp-aluga-bolady--auqymdy-aktsiya-zhariyalandy---57283789.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/16/57284952_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_17c6f195b9651cf63a22cc300b0718e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ет, баға, сауда, министрлік
ет, баға, сауда, министрлік
Қазақстанда ет бағасын бақылау күшейтіледі
Жыл басынан бері сиыр етіне үстеме бағаны сақтамаған 33 сатушы айыппұл арқалаған
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Сауда министрлігі ет бағасын бақылау мақсатында қосымша мониторингтік топтардың құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Министр Арман Шаққалиев Астанада барлық өңірден 80-нен астам сауда желілерінің өкілдерін жинап, кеңейтілген отырыс өткізді.
Оған Magnum Cash&Carry, Small&Skif,Anvar, Dina, Dana, Norma, Metro, Toimart, Galmart, INMART, Greenwich және басқа да ірі сауда желілері қатысты. Сол жерде министр үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15 проценттік сауда үстемесін сақтау қажеттігін еске салды. Ал бұзушылық орын алған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Ет өнімдері де әлеуметтік маңызы бар тауарларға кіреді. Сондықтан белгіленген сауда үстемесінің сақталуына ерекше назар аударылды.
"Сауда министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ет өнімдерін сауда орындарына жеткізу кезінде үстеме бағаның сақталуын бақылау үшін қосымша мониторингтік топтар құруда. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізуде жасырын қымбаттау схемаларын және ретро-бонустарды алып тастауға бағытталған заңнамалық өзгерістер дайындалып жатыр", - делінген ресми хабарламада
Айта кетері, жыл басынан бері 15 проценттік сауда үстемесін сақтамағаны үшін 2191 хаттама рәсімдеді. Соның ішінде 1020 жағдай бойынша 39,6 млн теңгеге айыппұл салынды. Ал сиыр етіне үстеме бағаны сақтамаған 33 сатушы айыппұл арқалады.