Amazon компаниясы қазақстандықтарды жылдам әрі арзан интернетпен қамтамасыз етпекші

Тоқаев Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Amazon компаниясының аға вице-президенті, жаһандық және құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры Дэвид Запольски цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың жай-жапсарын талқылады.
Президент Amazon компаниясының еліміздің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ "Қазақтелеком" компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарына қолдау білдірді.
Тоқаев Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдады
Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары барысында қазақстандық Қазақтелеком мен Amazon Kuiper арасында Kuiper спутниктік желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша дистрибьюторлық келісімге қол қойылды.
Соған сәйкес Amazon Kuiper компаниясының Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында өзінің жердегі инфрақұрылымын жасақтауды көздейді. Бұл жобаға 200 миллион долларға жуық инвестиция салу жоспарланған.
Amazon Қазақстанды аймақтық спутниктік байланыс торабын қалыптастыру алаңы ретінде қарастырып жатқаны аталып өтті.
Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскидің сөзінше, олар Қазақстанды жылдамдығы жоғары және арзан интернетпен қамтамасыз етеді.
"Бұл біздің Орталық Азиядағы алғашқы ірі және ең маңызды жобамыз. Мұны мақтан тұтамыз. "Қазақтелеком" компаниясымен бірге тұрғындарды жылдамдығы жоғары және арзан интернетпен қамтамасыз етеміз. Аталған жобаны ілгерілетуге ықыластымыз", - деді Запольский.
Қазақстанда Starlink интернет қызметі ресми түрде іске қосылды