https://sputnik.kz/20250922/amazon-kompaniyasy-qazaqstandyqtardy-zhyldam-ari-arzan-internetpen-qamtamasyz-etpekshi--57286896.html
Amazon компаниясы қазақстандықтарды жылдам әрі арзан интернетпен қамтамасыз етпекші
Amazon компаниясы қазақстандықтарды жылдам әрі арзан интернетпен қамтамасыз етпекші
Sputnik Қазақстан
Тоқаев Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдады 22.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-22T19:23+0500
2025-09-22T19:23+0500
2025-09-22T19:34+0500
интернет
қасым-жомарт тоқаев
"қазақтелеком" ақ
https://sputnik.kz/img/07e9/09/16/57287401_0:8:1280:728_1920x0_80_0_0_83b6611c4b0ed0938c9591c42ec98e58.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Amazon компаниясының аға вице-президенті, жаһандық және құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры Дэвид Запольски цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың жай-жапсарын талқылады.Президент Amazon компаниясының еліміздің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ "Қазақтелеком" компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарына қолдау білдірді.Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары барысында қазақстандық Қазақтелеком мен Amazon Kuiper арасында Kuiper спутниктік желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша дистрибьюторлық келісімге қол қойылды.Соған сәйкес Amazon Kuiper компаниясының Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында өзінің жердегі инфрақұрылымын жасақтауды көздейді. Бұл жобаға 200 миллион долларға жуық инвестиция салу жоспарланған. Amazon Қазақстанды аймақтық спутниктік байланыс торабын қалыптастыру алаңы ретінде қарастырып жатқаны аталып өтті.Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскидің сөзінше, олар Қазақстанды жылдамдығы жоғары және арзан интернетпен қамтамасыз етеді.
https://sputnik.kz/20250813/qazaqstanda-starlink-internet-qyzmeti-resmi-turde-iske-qosyldy-56325815.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/16/57287401_150:0:1131:736_1920x0_80_0_0_902914b56a4797a232486e829230cdf7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет, қасым-жомарт тоқаев, "қазақтелеком" ақ
интернет, қасым-жомарт тоқаев, "қазақтелеком" ақ
Amazon компаниясы қазақстандықтарды жылдам әрі арзан интернетпен қамтамасыз етпекші
19:23 22.09.2025 (жаңартылды: 19:34 22.09.2025) Тоқаев Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдады
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Amazon компаниясының аға вице-президенті, жаһандық және құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры Дэвид Запольски цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың жай-жапсарын талқылады.
Президент Amazon компаниясының еліміздің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ "Қазақтелеком" компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарына қолдау білдірді.
Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары барысында қазақстандық Қазақтелеком мен Amazon Kuiper арасында Kuiper спутниктік желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша дистрибьюторлық келісімге қол қойылды.
Соған сәйкес Amazon Kuiper компаниясының Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында өзінің жердегі инфрақұрылымын жасақтауды көздейді. Бұл жобаға 200 миллион долларға жуық инвестиция салу жоспарланған.
Amazon Қазақстанды аймақтық спутниктік байланыс торабын қалыптастыру алаңы ретінде қарастырып жатқаны аталып өтті.
Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскидің сөзінше, олар Қазақстанды жылдамдығы жоғары және арзан интернетпен қамтамасыз етеді.
"Бұл біздің Орталық Азиядағы алғашқы ірі және ең маңызды жобамыз. Мұны мақтан тұтамыз. "Қазақтелеком" компаниясымен бірге тұрғындарды жылдамдығы жоғары және арзан интернетпен қамтамасыз етеміз. Аталған жобаны ілгерілетуге ықыластымыз", - деді Запольский.