Қазақстанда Starlink интернет қызметі ресми түрде іске қосылды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуМачта базовой станции интернет-компании, архивное фото
Мачта базовой станции интернет-компании, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2025
Жазылу
Starlink технологиясы шалғай аймақтарды да тұрақты интернетпен қамтамасыз ете алады
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Starlink компаниясы 13 тамыздан бастап Қазақстан аумағында спутниктік интернет қызметін ресми түрде ұсына бастады, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Бұл еліміздің тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік береді.
"2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойды", - деп эжазылған хабарламада.
Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талапты орындауды қамтиды.
Starlink технологиясы шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарды да тұрақты интернетпен қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Тарифтер, қосылу шарттары және қосымша ақпарат SpaceX компаниясының ресми сайтында жарияланды.
Қазақтелеком интернет қызметтеріне тарифты жоғарлатқан деген күдікке ілінді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
"Қазақтелеком" интернет қызметтерінің тарифын қымбаттатты деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0