АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. 2025-2027 жылдары Жамбыл облысында жалпы құны 300 млрд теңгеден асатын 20 ауқымды агрожоба іске асырылады, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жобалар қатарында өндірісті жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту бар.
Мысалы, 25 қыркүйекте Байзақ ауданында қуаттылығы 1 миллион тонна болатын заманауи қант зауытының құрылысы басталады.
Әкімдіктің мәліметінше, облыстың аграрлық саласы дамып келе жатыр.
Биыл оны дамытуға 48,2 млрд теңге (+26,8%) бөлінді. 8 ай ішінде аграршылар 214,2 млрд теңгеге өнім өндірді. Егіс алқаптары 640 мың га (+14 мың га) дейін кеңейтілді, ал күтілетін өнім шамамен 3,8 млн тонна.