Жамбыл облысында 300 млрд теңгеге 20 агрожоба іске қосылады

© Photo / Пресс-служба министерства сельского хозяйства КазахстанаСахарные заводы в Жамбылской области работают на полную мощность
Сахарные заводы в Жамбылской области работают на полную мощность - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2025
Жазылу
25 қыркүйекте Байзақ ауданында қуаттылығы 1 миллион тонна болатын заманауи қант зауытының құрылысы басталады
АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. 2025-2027 жылдары Жамбыл облысында жалпы құны 300 млрд теңгеден асатын 20 ауқымды агрожоба іске асырылады, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жобалар қатарында өндірісті жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту бар.
Мысалы, 25 қыркүйекте Байзақ ауданында қуаттылығы 1 миллион тонна болатын заманауи қант зауытының құрылысы басталады.
Әкімдіктің мәліметінше, облыстың аграрлық саласы дамып келе жатыр.
Биыл оны дамытуға 48,2 млрд теңге (+26,8%) бөлінді. 8 ай ішінде аграршылар 214,2 млрд теңгеге өнім өндірді. Егіс алқаптары 640 мың га (+14 мың га) дейін кеңейтілді, ал күтілетін өнім шамамен 3,8 млн тонна.
Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізу керек - Тоқаев
Жаңалықтар
0