АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданында аялдамаға жеңіл көлік соғылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиға 16 қыркүйек сағат 13:45 шамасында Назарбаев көшесінде болған.
"Жеңіл көлік жүргізушісі алдымен жол жиегіндегі бардюрге, сосын аялдамаға соғылған. Салдарынан 20 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - дейді ведомство.
Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.