Алматыда аялдамаға көлік соғылды: бір адам зардап шекті

© Photo : департамент полиции Северо-Казахстанской областиАялдама. Архивтегі фото
Аялдама. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Жазылу
20 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданында аялдамаға жеңіл көлік соғылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиға 16 қыркүйек сағат 13:45 шамасында Назарбаев көшесінде болған.
"Жеңіл көлік жүргізушісі алдымен жол жиегіндегі бардюрге, сосын аялдамаға соғылған. Салдарынан 20 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - дейді ведомство.
Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.
Бір түннің ішінде 15 адам жол апатында қаза тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2025
Бір түннің ішінде жол апатында 15 адам қаза тапты
Жаңалықтар
0