https://sputnik.kz/20250914/bir-tunnin-ishinde-zhol-apatynda-15-adam-qaza-tapty--57055623.html
Бір түннің ішінде жол апатында 15 адам қаза тапты
Бір түннің ішінде жол апатында 15 адам қаза тапты
Sputnik Қазақстан
Тексеріске сәйкес, екі жол учаскесінде жол жамылғысы тегіс, ал көлік қозғалысына кедергі келтіретін ақаулар болмаған 14.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-14T13:05+0500
2025-09-14T13:05+0500
2025-09-14T13:05+0500
жол апаты
жетісу облысы
қазавтожол
https://sputnik.kz/img/1168/07/11680723_0:50:3465:1999_1920x0_80_0_0_1bce76450b6fbb9079dea0b086996722.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бір түнннің ішінде екі жол апатында 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, 13-нен 14 қыркүйекке қараған түні "Қарағанды - Аягөз - Боғас" автожолының Шешенқара ауылы маңында Ford Mondeo автокөлігінің жүргізушісі жерде қарсы жолаққа шығып кетіп, Changan автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды. Ал екі сағаттан кейін Жетісу облысында "Алматы - Өскемен" автожолының 479-шақырымында Nissan Cefiro жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетті. Содан алдымен Lada ВАЗ-бен, одан кейін Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.Тексеріске сәйкес, екі жол учаскесінде жол жамылғысы тегіс, ал көлік қозғалысына кедергі келтіретін ақаулар болмаған. "Соңғы жылдары қайта жөндеу және жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін жол-көлік оқиғаларының жиілеп отырғаны байқалады. Тегіс жол мен ашық көріну мүмкіндігін пайдаланып, көптеген жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс асырып, жол қозғалысы ережелерін бұзуда. Мұндай жауапсыздық орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуде", - дейді мамандар.
https://sputnik.kz/20250913/mangystaudagy-zhol-apaty-eki-nauqas-astanadagy-klinikaga-zhetkiziledi-57027931.html
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1168/07/11680723_367:0:3098:2048_1920x0_80_0_0_1d63204307c6b7546b747a484ab2268d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты, жетісу облысы, қазавтожол
жол апаты, жетісу облысы, қазавтожол
Бір түннің ішінде жол апатында 15 адам қаза тапты
Тексеріске сәйкес, екі жол учаскесінде жол жамылғысы тегіс, ал көлік қозғалысына кедергі келтіретін ақаулар болмаған
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бір түнннің ішінде екі жол апатында 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, 13-нен 14 қыркүйекке қараған түні "Қарағанды - Аягөз - Боғас" автожолының Шешенқара ауылы маңында Ford Mondeo автокөлігінің жүргізушісі жерде қарсы жолаққа шығып кетіп, Changan автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды.
Ал екі сағаттан кейін Жетісу облысында "Алматы - Өскемен" автожолының 479-шақырымында Nissan Cefiro жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетті. Содан алдымен Lada ВАЗ-бен, одан кейін Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.
"Апат салдарынан Nissan Cefiro жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Lada ВАЗ автокөлігінде болған төрт адамның біреуі көз жұмды, тағы біреуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Chevrolet Cobalt автокөлігінде сегіз адам, соның ішінде бір бала болған. Алдын ала мәліметтер бойынша олардың барлығы оқиға орнында қаза тапқан", - делінген ресми хабарламада.
Тексеріске сәйкес, екі жол учаскесінде жол жамылғысы тегіс, ал көлік қозғалысына кедергі келтіретін ақаулар болмаған.
"Соңғы жылдары қайта жөндеу және жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін жол-көлік оқиғаларының жиілеп отырғаны байқалады. Тегіс жол мен ашық көріну мүмкіндігін пайдаланып, көптеген жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс асырып, жол қозғалысы ережелерін бұзуда. Мұндай жауапсыздық орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуде", - дейді мамандар.