АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Мәжілістің қарауына Қазақстан мен Марокко Корольдігі арасында қылмыскерлерді ұстап беру мен сотталған адамдармен алмасуға қатысты келісімдер түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттар үш бірдей келісімді қарайды. Қылмыскерлерді ұстап беру мен сотталған адамдармен алмасудан бөлек екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт та бар.
Бұған дейін үш келісім де рәсімделген. Ал заң бойынша парламент барлық мемлекетаралық келісімдерді ратификациядан өткізеді.
Айта кетері, бұған дейін мәжіліс Қазақстан мен Қатар арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялаған болатын.