Қазақстан мен Қатар қылмыскерлерді ұстап беруге келісті – заң қабылданды

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2025
Жазылу
Қазіргі кезде Қазақстан 23 мемлекетпен тура сондай келісімді ратификациялады
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Қатар арасындағы ұылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялайтын заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, келісімшартта қылмыскерлерді ұстап берудің нақты тәртібі көрсетілген.
"Атап айтқанда, тараптар жасаған қылмысы үшін кемінде 1 жылға бас бостандығынан айыру немесе одан да қатаң жазаға кесілген адамдарды сұрау салу арқылы ұстап беруге міндетті", - деді Қойгелдиев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, келісімде ұстап беруден бас тарту себептері де айқындалған. Оған сәйкес, егер сұрау ұлттық заңнамаға немесе халықаралық міндеттемелерге қайшы келсе, іздеу салынған адамды ұстап беруден бас тартуға болады.
Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстан 23 мемлекетпен тура сондай келісімді ратификациялады.
Бүгінгі таңда Қатарда ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген бір қазақстандық жасырынып жүр.
Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Қатар арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялайтын заңды бірауыздан қабылдады.
Жаңалықтар
0