Мәжіліс "Бәйтерек" кешенінен ұшу санын арттыру туралы заңды қабылдады

© Photo : Пресс-служба администрации города БайконурМакет ракеты-носителя Н-1 подарили городу Байконуру к 70-летнему юбилею
Макет ракеты-носителя Н-1 подарили городу Байконуру к 70-летнему юбилею   - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Жазылу
"Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен алғашқы ұшу 2025 жылдың соңына жоспарланды
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Мәжіліс Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.
"Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен алғашқы ұшу 2025 жылдың соңына жоспарланды.
Хаттама арқылы ұшу сынақтарының басталу күнін 2025 жылдың желтоқсанына ауыстыру туралы түзету енгізіледі. Бұл өзгеріс жабдық пен қосалқы бөліктерді жеткізуге кедергі келтірген геосаяси жағдайға байланысты.
Ресей тарапының 2028-2039 жылдар аралығы кезеңінде "Бәйтерек" кешенінен жылына кепілдендірілген ұшу саны екіден үшке дейін ұлғайтылады. Бұл жобаның өтелуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
"Сонымен қатар резидент еместер үшін қосылған құн салығы бойынша нөлдік мөлшерлеме қолдануға бағытталған өзгеріс енгізіледі. Бұл шара республикалық бюджеттен ҚҚС бойынша қосымша шығынның алдын алады. Корпоративті табыс салығы бойынша "Бәйтерек" АҚ үшін салық преференцияларын қолдану мерзімдерін есептеу шарттары өзгереді", - деп хабарлады мәжіліс.
"Бәйтерек" кешенін уақтылы пайдалануға беру Қазақстанға ғарыш аппараттарын әзірлеу мен жасаудан бастап оларды "Бәйтерек" кешенінен ұшыруға дейін тиімді коммерциялық құрылымы бар толыққанды ғарыш саласын құруға мүмкіндік береді. Жоба өңірге қаржы тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады.
Жаңалықтар
0