Алматыдан Ақтауға шыққан Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Sputnik
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Алматыдан Ақтауға шыққан Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Компанияның баспасөз қызметі оған техникалық ақау себеп болғанын мәлім етті.
"31 тамызда Алматы-Ақтау бағытына шыққан КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жете бере, техникалық ақау туралы хабар беріп, нұсқаулыққа сай бірінші болып қонуға рұқсат сұраған. Осыдан кейін ол Ақтау әуежайына сәтті қонды", - деп хабарлады Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.
Қазір ұшақтағы ақау неден шыққаны тексеріліп жатыр.
КС 860 Ақтау-Алматы рейсінің жолаушылары басқа әуе кемесіне ауыстырылды.
Қазақстан 2030 жылға дейін 103 ұшақ сатып алады