Қазақстан 2030 жылға дейін 103 ұшақ сатып алады

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaAir Astana ұшағы
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Жазылу
Бұл әуе кемелері паркіндегі ұшақ санын 216 бірлікке дейін арттыруға мүмкіндік береді
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Елімізде әуе кемелерінің паркі жаңа ұшақтармен толықтырылады, деп мәлімдеді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Бүгінгі таңда Қазақстанда әуе кемелерінің паркі 104 бірлікті құрайды. Оның ішінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізілген 6 жаңа Airbus A320 типті ұшағы мен 1 жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағы бар.
2030 жылға дейін парк тағы 103 ұшақпен толықтырылады, бұл 216 бірлікке дейін арттыруға мүмкіндік береді.
"Биыл 36 жаңа халықаралық маршрут ашылып, нарыққа 8 шетелдік авиакомпания келді. Ел ішінде 61 бағыт бойынша аптасына 850 рейс жасалады", — деді Мақсат Қалиақпаров.
Бүгінде Қазақстанның 9 облысында 21 субсидияланатын маршрут жұмыс істейді. Оларды жүзеге асыруға 2025 жылы 6,4 млрд теңге бөлінді. Үшарал, Үржар, Көкшетау, Түркістан және басқа да туристік бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылып жатыр.
Грузоперевозки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2025
Қазақстан 500-ге жуық локомотив сатып алады
Жаңалықтар
0