Алматыдан Ақтауға шыққан Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaСамолет Air Astana
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Алматыдан Ақтауға шыққан Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Компанияның баспасөз қызметі оған техникалық ақау себеп болғанын мәлім етті.
"31 тамызда Алматы-Ақтау бағытына шыққан КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жете бере, техникалық ақау туралы хабар беріп, нұсқаулыққа сай бірінші болып қонуға рұқсат сұраған. Осыдан кейін ол Ақтау әуежайына сәтті қонды", - деп хабарлады Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.
Қазір ұшақтағы ақау неден шыққаны тексеріліп жатыр.
КС 860 Ақтау-Алматы рейсінің жолаушылары басқа әуе кемесіне ауыстырылды.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Қазақстан 2030 жылға дейін 103 ұшақ сатып алады
Жаңалықтар
0