АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында жол апаты кезінде екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 30 тамызда "Атамекен -Ақтоғай-Руская поляна кенті (Ресей Федерациясы)" тас жолында болған. "Chevrolet" жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Екі адам оқиға орнында қайтыс болды. Үшеуі ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Полиция жылдамдық режимін сақтау қажеттігін ескертеді.
Айта кетері, бұған дейін "ҚазАвтоЖол" жүргізушілердің қай жолдарда жылдамдықты көп арттыратынын жариялаған болатын.