Павлодар облысында көлік аударылды – екі адам қайтыс болды

© Sputnik / Нафис Сиразетдинов / Медиабанкке өтуТрасса дорога
Трасса дорога  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында жол апаты кезінде екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 30 тамызда "Атамекен -Ақтоғай-Руская поляна кенті (Ресей Федерациясы)" тас жолында болған. "Chevrolet" жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Екі адам оқиға орнында қайтыс болды. Үшеуі ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Полиция жылдамдық режимін сақтау қажеттігін ескертеді.
Айта кетері, бұған дейін "ҚазАвтоЖол" жүргізушілердің қай жолдарда жылдамдықты көп арттыратынын жариялаған болатын.
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2025
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Жаңалықтар
0