Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2025
Жазылу
Жол апатынан екі адам көз жұмып, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді
АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Трагедия 16 тамызда "Астана — Петропавл" автожолының 277-ші шақырымында болды.
"Көкшетау мен Щучинск қалалары арасындағы учаскеде Kia K5 және Volkswagen Passat көліктері соқтығысты. Салдарынан Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Үш жолаушы мен Kia K5 көлігінің жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Астана тұрғыны өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды
Жаңалықтар
0