Татарстанда "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының премьерасы өтті

Операда 200-ден астам әртіс бірігіп, жанды орындау мен әсерлі сахналық көріністер арқылы ерекше атмосфера қалыптастырды
Sputnik
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Татарстанға Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры гастрольмен барды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мұса Жәлел атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан театры Хамит Шанғалиевтің "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының премьерасын көрерменге ұсынды.
Татарстанда "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының премьерасы өтті
Гастрольдік сапар Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Іс-шарада театр директоры Айнұр Көпбасарова ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын оқыды.
"Министр Қазақстан мен Татарстан арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуы біздің сан қырлы ынтымақтастығымызда маңызды орын алатынын атап өтті. Екі елдің шығармашылық ұжымдарының байланысы – осының айқын дәлелі. Сондай-ақ ол бұл премьера көпшілік үшін шалқар шабыттың қайнар көзі боларына, ортақ ұлы тарих үшін кеудені мақтаныш кернеп, саф өнермен қауыштырып, қуаныш сыйларына сенім білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Татарстанда "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының премьерасы өтті
Операда 200-ден астам әртіс бірігіп, жанды орындау мен әсерлі сахналық көріністер арқылы ерекше атмосфера қалыптастырды. Көрермен тек қойылымды тамашалап қана қоймай, тарихи оқиғаның куәгері сезінді.
Театр фойесінде Қазақстан туралы арнайы фотокөрме ұйымдастырылды. Көрме қонақтарға еліміздің әлемдік аренадағы орны мен рөлін, бай мәдениетін, әсем табиғатын және заманауи сәулетін таныстырды.
Жеңістің 80 жылдығы
Қазақстандық театр Санкт-Петербургте Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальге қатысады