https://sputnik.kz/20250827/tatarstanda-khan-sultan-altyn-orda-operasynyn-premerasy-otti-56636467.html
Татарстанда "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының премьерасы өтті
Татарстанда "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының премьерасы өтті
Sputnik Қазақстан
Операда 200-ден астам әртіс бірігіп, жанды орындау мен әсерлі сахналық көріністер арқылы ерекше атмосфера қалыптастырды 27.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-27T19:23+0500
2025-08-27T19:23+0500
2025-08-27T19:47+0500
татарстан
театр
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1b/56634613_0:112:1080:720_1920x0_80_0_0_3e3a24f9a2338411d1a09d79867a0f19.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Татарстанға Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры гастрольмен барды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.Мұса Жәлел атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан театры Хамит Шанғалиевтің "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының премьерасын көрерменге ұсынды.Гастрольдік сапар Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.Іс-шарада театр директоры Айнұр Көпбасарова ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын оқыды.Операда 200-ден астам әртіс бірігіп, жанды орындау мен әсерлі сахналық көріністер арқылы ерекше атмосфера қалыптастырды. Көрермен тек қойылымды тамашалап қана қоймай, тарихи оқиғаның куәгері сезінді.Театр фойесінде Қазақстан туралы арнайы фотокөрме ұйымдастырылды. Көрме қонақтарға еліміздің әлемдік аренадағы орны мен рөлін, бай мәдениетін, әсем табиғатын және заманауи сәулетін таныстырды.
https://sputnik.kz/20250403/qazaqstandyq-teatr-sankt-peterburgte-zhenistin-80-zhyldygyna-arnalgan-festivalge-qatysady-52167157.html
татарстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1b/56634613_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_1e46d9f0e3b1a7535f650175abe9be44.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
татарстан, театр, қазақстан
татарстан, театр, қазақстан
Татарстанда "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының премьерасы өтті
19:23 27.08.2025 (жаңартылды: 19:47 27.08.2025) Операда 200-ден астам әртіс бірігіп, жанды орындау мен әсерлі сахналық көріністер арқылы ерекше атмосфера қалыптастырды
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Татарстанға Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры гастрольмен барды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мұса Жәлел атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан театры Хамит Шанғалиевтің "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының премьерасын көрерменге ұсынды.
Гастрольдік сапар Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Іс-шарада театр директоры Айнұр Көпбасарова ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын оқыды.
"Министр Қазақстан мен Татарстан арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуы біздің сан қырлы ынтымақтастығымызда маңызды орын алатынын атап өтті. Екі елдің шығармашылық ұжымдарының байланысы – осының айқын дәлелі. Сондай-ақ ол бұл премьера көпшілік үшін шалқар шабыттың қайнар көзі боларына, ортақ ұлы тарих үшін кеудені мақтаныш кернеп, саф өнермен қауыштырып, қуаныш сыйларына сенім білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Операда 200-ден астам әртіс бірігіп, жанды орындау мен әсерлі сахналық көріністер арқылы ерекше атмосфера қалыптастырды. Көрермен тек қойылымды тамашалап қана қоймай, тарихи оқиғаның куәгері сезінді.
Театр фойесінде Қазақстан туралы арнайы фотокөрме ұйымдастырылды. Көрме қонақтарға еліміздің әлемдік аренадағы орны мен рөлін, бай мәдениетін, әсем табиғатын және заманауи сәулетін таныстырды.