Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Қазақстандық театр Санкт-Петербургте Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальге қатысады

© Photo : Посольство России в Казахстане Қазақстандық театр Санкт-Петербургте Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальге қатысады
 Қазақстандық театр Санкт-Петербургте Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальге қатысады - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Жазылу
Санкт-Петербургте ауқымды мәдени іс-шаралар өтеді
АСТАНА, 3 сәуір-Sputnik. Семейдегі Ф. М. Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театры Санкт-Петербургте спектакль қояды.
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде айтылғандай, соғыс тақырыбындағы қойылым "Ресейдегі кездесулер" атты орыс театрларының фестивалінде көрсетіледі. Спектакль майдан әдебиетінің шебері Борис Васильевтің әңгімесі желісімен сахналанған.
© Photo : Посольство России в Казахстане Қазақстандық театр Санкт-Петербургте Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальге қатысады
Спектакль Завтра была война  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Қазақстандық театр Санкт-Петербургте Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальге қатысады

"Режиссер Рача Махатаев есею мен адамгершілік таңдау, шынайы достық пен алғашқы махаббат туралы қойылым жасады. Ұлы Отан соғысы тақырыбы мен 40-шы жылдардағы ұрпақтың тағдыры спектакльде жаңа мәнге ие болды, бұл оқиға қазіргі жастарға жақын әрі өзекті", - деді елшілік.

Айта кету керек, Семей театры тіпті соғыс жылдарында да жұмысын тоқтатпаған. Көптеген театр әртістері майданға кетіп, елде қалғандары сахнада өнер көрсеткен.
Театр өз тарихына адал және бүгінгі күнге дейін оның репертуарында патриоттық әрі әскери тақырыптар ерекше орын алады.
© Photo : Посольство России в Казахстане Қазақстандық театр Санкт-Петербургте Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальге қатысады
Спектакль Завтра была война  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Қазақстандық театр Санкт-Петербургте Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальге қатысады
Сонымен қатар театр директоры Раушан Танысбаева Санкт-Петербургте фестивальдің басқа қонақтарымен бірге шетелдегі орыс театрларының жобаларына және Ұлы Жеңістің мерейтойына арналған халықаралық конференцияға қатысады.
© Photo : Посольство России в Казахстане Қазақстандық театр Санкт-Петербургте Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальге қатысады
Спектакль Завтра была война  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Қазақстандық театр Санкт-Петербургте Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальге қатысады
"Ресейдегі кездесулер" фестивалінің өзі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған. "Барлығын атымен еске алайық" ұраны оның басты идеясын айқындайды: бүкілхалықтық ерлікті еске ала отырып, бейбітшілік пен жарқын болашақтың кепілі болған халықтар арасындағы достықты сақтау.
Қойылым 6 сәуірде сағат 19:00-де "Балтық үйі" театр-фестивалінде өтеді, мекен-жайы: Санкт-Петербург қаласы, Александр паркі, 4.
Бағдарламаға Жеңістің 80 жылдығына арналған премьералық спектакльдер мен Абхазия, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресейдің жетекші шығармашылық ұжымдарының қойылымдары кіреді.
Театр им. Ф.М.Достоевского в Семее, спектакль Моцарт и Сальери - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2024
Семейдегі Қазақстан театры Арктикада өнер көрсетеді
Жаңалықтар
0