Берденов қызметінен босатылды ма - Шымкент әкімдігі түсініктеме берді

22 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті
Sputnik
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов қызметінен босатылды деген әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты қалалық әкімдік жауап берді.
Әкімдіктің мәліметінше, оқ тиіп жараланған әкім орынбасары әлі ем қабылдап жатыр.
"Руслан Берденов қызметінен босатылған жоқ. Ол әлі ем қабылдап жатыр", - дейді қалалық әкімдіктегілер.
Еске сала кетейік, 22 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті.
20 тамызда оны атқан Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Оның әйелін танымаймын": Руслан Берденов күдіктінің соттағы сөзін жоққа шығарды